INDEPALACE.KZ


N_Kz

Мемлекеттік рәміздер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
 
Экскурсия жұмыс уақыты

 

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00
Касса 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

logo

expo_logo-min

 
nurot-min2

 
nur-min2

 
shtraf-min2

Іс-шара атауы: Руслан Жүнісовтың және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі

Өтетін уақыты:15 наурыз 2019 ж., сағат 17:00

Көрменің өткізілу уақыты: 15.03.-15.04.2019ж.

Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Мекен-жайы: Астана қаласы,Тәуелсіздік даңғылы, 52

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Байланыс телефондары: 700-380, 700-396, 701-392

2019 жылы 15 наурызда Тәуелсіздік сарайында сүйек және ағаш шебері Руслан Жүнісовтың және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі өтеді.

Көрмеде автордың ұлттық нақышқа сүйене отырып жасаған, ертегі, миф және халық эпосы кейіпкерлерін бейнелейтін шағын мүсіндері ұсынылады. Сондай-ақ көрмеге шебер шәкірттерінің жұмыстары қойылған.

Кіші пластика – бұл 7 сантиметрден аспайтын шағын көлемді бейнелер. Негізінен ағаштан жасалған миниатюралар сәндік-қолданбалы өнердің нағыз көркем туындылары болып табылады.

Шағын формадағы мүсін, әр түрлі этностардың ежелгі тарихына ие бола отырып, жер шарының барлық халықтарына түсінікті бейнелердің стилизациясы мен пластикасы арқылы табиғатты қабылдаудың әмбебап тілін қалыптастырды.

Бұл тілді таңдап, халық уәждеріне толы стильдік ерекшелікке сүйене отырып, шебер ұлттық мәдениет үшін Қазақстандық шағын пластика – базисын ұйымдастырады.

Руслан Жүнісов-суретші, мүсінші, ағаш пен сүйек бойынша шағын мүсін жасаушы шебер. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Екінші халықаралық Киев сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің дипломанты, облыстық “Өнер – халық қазынасы” байқауының дипломанты және “туристік өнімнің үздік тұсаукесері” байқауының номинациясының иегері. 2007 жылы Руслан Жүнісов “Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін” республикалық конкурсының “Халықтық – көркем кәсіпшілігі саласындағы үздік кәсіпкер”атағын алған.
Суретші қолданбалы өнер және көркем шығармашылық саласындағы әдістемелік құралдардың авторы. 2010 жылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін Руслан Жүнісов “Балаларға берілген жүрек” республикалық жинағына енгізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталынған.

Р. Жүнісовтің жұмыстары Амстердам ұлттық қазіргі заманғы өнер мұражайының, Қарағанды бейнелеу өнері мұражайының қорында, “Астана” ұлттық сурет галереясының қорында, Германия, Нидерланды, АҚШ, Ресей және Қазақстанның жеке коллекцияларында сақталған.

Астана қаласының тұрғындары мен Елорда қонақтарын
көрмені тамашалауға шақырамыз!

Эта запись также доступна на: Russian